КГП на ПХВ «Абайская РБ»

Оразбаева Гүлмира Қадырғалиқызы 1983 жылы 26 қыркүйек күні Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келдім. 1989 жылдан 2000 жылдар аралығында Шәкір Әбенов атындағы орта мектепті бітірдім.

2002 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Академиясына түсіп 2008 жылы педиатрия мамандығы бойынша диплом алдым. 2009 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Академиясында жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша интернатураны оқып бітірдім.

2009 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылдың ақпан айына дейін Абай аудандық орталық емханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс атқардым.

2015 жылдың ақпан айының 20 күнінен бастап 14 тамыз аралығында Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің дипломнан кейінгі және қосымша білім беру деканатынан онкология саласы бойынша қайта дайарлықтан өттім. Осы 2015 жылдың тамыз айынан бастап Абай ауданында аудандық емханада аудандық онколог болып қызмет жасаймын.