Академиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі

2018 жылдың 31 қазанында  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 003 000 159 «Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» оқыту Бағдарламасын іске асыру аясында  өтіп жатқан «Онкологиялық ауруларды анықтау мен емдеудің инновациялық жолдары» тақырыбындағы шеберлік сабағының аяқталуы бойынша Семей қаласының ЯМОО мен Нагасаки Медициналық Университеті арасында академиялық ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімі болды.

Келісімшартқа Семей қаласының ЯМОО орталығының директоры, м.ғ.д. Марат Сандыбаев және Нагасаки университетінің Президенті Шигеру Кохно қол қойды.

Келісімнің мақсаты – бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру арқылы академиялық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, онкология және ядролық медицина саласында инновациялық технологияларды енгізу арқылы екі жақты лекциялар мен симпозиумдарды өткізу.
Келісімге 5 жылға қол қойылды.
Келісімге қол қою рәсіміне қала әкімнің орынбасары Н.В. Шарова шақырылды, ол бұдан былайғы ынтымақтастық туралы тілек білдіріп, Семей қаласының әкімі атынан профессор Масахиро Накашимаға Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ, профессор Нино Дайсуке мен PhD докторы Жанна Мусажановаға. Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының директоры М.Сандыбаев алғыс хат табыстады.

«Біздің орталық үшін бұл алға жасалған үлкен қадам және Жапонияның алдыңғы қатарлы Университеттерінің бірі осы құжатқа тікелей қол қою арқылы бізді серіктес ретінде таңдағанына қуаныштымыз, бұл біз үшін де, Нагасаки университеті үшін де өте үлкен мәні бар  маңызды іс деп атап өтті  Марат Сандыбаев.
Іс-шара баспасөзге, теледидарға сұхбат берумен аяқталды.