Диспансер жайлы

Аудан онкологтары қызметінің қалыптасу тарихы

1948 жылы аудандарда онкологиялық кабинеттер ашыла бастады, алғашқы кабинеттер Үржар, Бородулиха, Жарма, Шұбартау аудандарынла ашылды. Осы онкокабинеттерге медқызметшілер арнайы бөлінді. Одан кейін босаған онкологтармен тағы да 4 кабинет ашылды: Аягөз, Бесқарағай, Абай және Көкпекті аудандарында. Олардың барлығы 0,5 мөлшерлемеге жұмыс жасады. Қалған аудандарда онкокабинеттер арнаулы дайындық өтпеген және онкология бойынша жұмыс жасауға бөлінген сағаттары жоқ дәрігерлермен жиынтықталды. Аудандарға онкокабинеттердің жұмысы туралы және тұрғындар арасында обырға қарсы күрес жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бұйрықтар таратылды.

1975 жылы барлық ауданда қажетті дәрігерлері бар онкокабинеттер жұмыс жасады. Аягөз, Жарма және Үржар аудандарында штаттағы онкологтар жұмыс жасады, ал басқа аудандарда тұрғындар саны бойынша штаттық онкологтар рұқсат етілмеген жерлерде онкокабинеттер бос дәрігерлік мөлшерлеме есебінен ашылды. Қалалық емдеу алдын алу мекемелерінде 4 онкокабинет ашылды.

«ҚР тұрғындарына көрсетілетін онкологиялық көмекті дамытудың 2012-1016 жылдарға арналған Бағдарламасының» іс шаралар жоспары аясында Семей өңірінде 14 онкокабинет ашылып, жұмыс жасауда, оның 6 Семей қаласында, 1 Курчатов қаласында және 7 өңір аудандарында. Барлық аудан онкологтары бастапқы маманданудан өткен. Барлық аудан онкологтары негізгі қызметші немесе маммологиялық кабинеттердегі жұмыспен қосымша атқарады.
Жергілікті жерлердегі аудан онкологтары диспансер онкологтарының бірінші көмекшісі болды және болып қала береді, олар өз орындарында онкологиялық патологияға күдік туғызған науқастарға консультативті қабылдау ұйымдастырады, онкологиялық диспансерге жатқызылуын ұйымдастырады және сол аумақта тұратын қатерлі ісік аурулары бар барлық науқастардың есепке алынуына көмек көрсетеді.

Әр жылдары аудандарда жұмыс жасаған дәрігер-онкологтары: Бородулиха ауданының онкологы, Денсаулық сақтау ісінің үздігі – О.Н.Одинцева (қазіргі уақытта құрметті демалыста), Аягөз ауданының онкологы – А.М.Сайфуллина (Өскемен қаласындағы ООД емханасында онколог ретінде қабылдау жүргізеді), Абай ауданының онкологы – Ғ.П.Рахымжанов (Семей қаласы ӨОД емханасында онколог-дәрігер болып жұмыс жасайды), Бесқарағай ауданының онкологы Е.Т.Молдажанов (қазіргі уақытта Семей қаласында дәрігер-невропатолог болып жұмыс жасайды) және басқалары.

«ҚР тұрғындарына көрсетілетін онкологиялық көмекті дамытудың 2012-1016 жылдарға арналған Бағдарламасының» Жол картасын іске асыру аясында Семей өңірінде 13 маммологиялық кабинет ашылып, жұмыс жасауда. Оның 8 Семей қаласында және 5 аудандарда.